Нью-Йорктегі ең биік ғимаратқа найзағай түсті

Нью-Йорктегі ең биік ғимарат саналатын Дүниежүзілік сауда орталығыа найзағай түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.

Видео авторының мәліметінше, бұл жиі болып тұратын жағдай екен. AccuWeather метеорологиялық компаниясындағы ақпарат бойынша, 2015-2020 жылдар аралығында ғимаратқа найзағай 189 рет түскен. 

Айта кетейік, Дүниежүзілік сауда орталығы - тек АҚШ-тағы емес, сонымен қатар, Батыс жартышардағы ең биік ғимарат. Ол 2001 жылы террористердің әрекетінен қираған егіз ғимараттар құлағаннан жерге салынған. Ғимараттың жалпы биіктігі - 541 метр.  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!