Нью-Йоркте домбыра тартқан қазақстандық жұртты тамсандырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видеодағы өнерпаз - Алматыдағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектеп түлегі Жүсіпхан Аманмырза. Домбыра шерткен қазақстандықтың видеосы Нью-Йорк мэрінің ресми инста-парақшасына жүктелді.
NIS баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл іс-шара Қазақстан Республикасының Нью-Йорк (АҚШ) қаласындағы Бас консулдығының бастамасымен еліміздің Республика күніне орай ұйымдастырылған.
Домбырада ойнаған Аманмырза Нью-Йорк тұрғындарын тамсандырған зияткер осы жылы мектепті аяқтап, АҚШ-тың Purdue университетіне Бизнес-аналитика және ақпаратты басқару мамандығына оқуға түскен.
"Еліміз үшін маңызды мереке - Республика күнінде, өзге мемлекетте күй тартып, домбыра шерту мені ерекше патриоттық сезімге бөледі. Бұл мен үшін үлкен мәртебе",- дейді Жүсіпхан Аманмырза.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!