Қазақстанның ішкі істер министрі Ержан Сәденов АҚШ-қа жұмыс сапары барысында Нью-Йорк полициясында қызмет ететін этникалық қазақтармен кездесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
АҚШ-тағы полиция қызметкерлері
Желіде АҚШ-тағы іс-шарадан видео пайда болды. Кездесуге қатысушылардың бірі - Нью-Йорк полициясының қызметкері Мирас Бөкешев. Ол 2000 жылы Таразда дүниеге келіп, сонда ержетіп, мектепті бітірген. 2018 жылы Мирас АҚШ-қа қоныс аударып, бес жылдан кейін Нью-Йорк полициясына қызметке орналасқан.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Кездесуге Данияр Нұртаза да қатысты. Ол отбасымен бірге 2002 жылы АҚШ-қа көшіп барып, 2014 жылы Нью-Йорк полициясының қызметкері атанды.
Данияр Нұртаза 2015 жылы Нью-Йорктегі метро станцияларының бірінің маңында толғағы қысқан әйелге көмектесіп, оның аман-есен босануына жәрдемдескеннен кейін көпшілікке кеңінен танылды. Оның бұл әрекетін қала тұрғындары жоғары бағалады. Кейін қазақстандық полицейдің өмірі мен қызметі туралы деректі фильм түсірілді.
Ержан Сәденов отандастарына мамандығына адалдығы үшін алғыс айтып, оларға алдағы уақытта табыс, мықты денсаулық пен амандық тіледі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Massaget.kz