Нығматулиндерге қарсы қылмыстық істер: Бас прокуратура өкілі пікір білдірді

Нығматулиндерге қарсы қылмыстық істер: Бас прокуратура өкілі пікір білдірді
Фото: baiterek.gov.kz, gov.kz

Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Мәжілістің экс-спикері Нұрлан Нығматулиннің жақын туыстарының істеріне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін бұрынғы спикердің ұлы мен бауырларына қатысты қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған болатын.

"Ұлы Нұрлановқа және Ерлан Зайроллаұлына (ағасы - еск.) арыздар түсті, олар қазір қаралып жатыр", - деді Қойгелдиев Сенаттағы брифингте.

Оның тағы бір ағасы Арғын Нығматулинге қатысты бюджет қаражатын ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Оған халықаралық іздеу жарияланды. Оның орналасқан жерін анықтағаннан кейін экстрадициялау шаралары қабылданады", - деді Бас прокурордың орынбасары.

Айта кетейік, Нұрлан Нығматулиннің ұлы Нұржан Нұрлановқа қатысты Қылмыстық кодекстің 389-бабы (Өзінше билік ету) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Бұған дейін Бас прокуратура Арғын Нығматулинге және тағы бірнеше адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы ("Өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету") бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Сот Нығматулинді қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына рұқсат берді. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget