Нутрициолог Лаура Сейітбек өзінің инстаграм парақшасында пайдалы 3 сусынды ұсынып, оларды қалай дайындау керегін жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
1. Лимон қосылған жылы су салмақ тастауға, ағзадағы токсиндерді шығаруға, иммунитетті көтеруге, тері мен асқорытуды жақсартуға көмектеседі. Өйткені лимон тоқтық сезімін тудырады. Әрі ол лептин гормонына бай. Сондай-ақ ол ағзада май жиналуымен күреседі.
⠀
Дайындалуы: жарты лимон шырыны + жарты стақан қайнаған жылы су.
⠀
2. Таңқурай жапырағынан жасалған шай әйелдің репродуктивті жүйесін реттейді. Яғни жатырды нығайтып, етеккірді, босануды және етеккір үзілісін (менопаузаны) жеңілдетеді. Ерекше қуат беретіндіктен, кофенің орнын баса алады. Егер күніне үш кесе ішсеңіз, гормоналды фоныңызды реттеп аласыз.
⠀
Дайындалуы: 1 ас қасық таңқурай жапырағын (кептірілген болса да болады) 200 мл қайнаған суға салып, 10 минут қайнатасыз. Дайын шайды таңертең, не күні бойы ішесіз. Алайда ұйықтар алдында ішуге болмайды.
⠀
3. Куркума қосылған сүт — аюрведа әдісіндегі ең танымал, әрі мақтаулы сусынның бірі. Бұл сусын барлық гормондардың тепе-теңдігіне әкеліп, иммундық жүйені нығайтып, асқорытуды жақсартып, суық тиюді емдейді.
⠀
Дайындалуы: 200 мл ыстық сүтке 1 шай қасық куркума және дәміне қарай бал қоссаңыз болады. Бұл сусынды ұйықтарда ішкен жақсы.
Шұбатты кімдерге ішкен пайдалы? Дәрігер кеңесін мына жерден оқыңыз.