- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- денсаулық
Нутрициолог қартаюды жылдамдататын өнімдерді атады
Сұлулық пен жастықты сақтау үшін теріге күтім жасау ғана емес, сонымен қатар тамақтануды бақылау маңызды, өйткені кейбір тағамдар қартаю процесін едәуір жылдамдатады. Нутрициолог Дарья Хайкина қартаюды ынталандыратын 7 өнімді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Известия"-ға сілтеме жасап.
Тізімде бірінші орында қант тұр. Себебі оның артық мөлшері коллаген мен эластинді бұзады. Бұл ерте әжімнің пайда болуы мен терінің күңгірт болып кетуіне әкеледі. Сонымен қатар қант ағзадағы қабыну процестерін қоздырады, бұл жасушалардың қартаюын тездетеді.
"Одан кейін бұл тізімге фастфуд, маргарин, печенье және басқа да өнеркәсіптік кондитерлік өнімдерде кездесетін және қанайналымын нашарлататын трансмайлар кіреді. Бұл тері жағдайына әсер етеді, оны оттегі мен қоректік заттардан айырады, бұл қартаю процесін тездетеді", - деді маман.
Маманның айтуынша, теріге зиян тағы бір өнім - алкоголь. Ол денені сусыздандырады, нәтижесінде терінің серпімділігі жоғалады және әжім пайда болады. Сондай-ақ жасушалардың регенерациясы үшін маңызды А, В және С дәрумендерінің деңгейін төмендетеді.
"Зиянды заттарға ақ нан мен макарон да жатады. Тазартылған ұн өнімдері қандағы қант деңгейін жоғарылатып, қабынуды тудырады және терінің нашарлауына әкеледі. Бұл тағамдарды үнемі тұтыну - энергияның күрт төмендеуіне және метаболизм проблемаларына әкелуі мүмкін", - деп атап өтті нутрициолог.
Сонымен қатар ол тұзды тағамдардың зияны туралы айтты. Тұзды шамадан тыс тұтыну ағзада суды ұстап, ісінуге алып келеді. Уақыт өте келе бұл терінің нашарлауына және жүрекке жүктеменің жоғарылауына әкеледі.
"Шұжықтар мен ысталған еттерде ағзадағы тотығу стресін арттыратын консерванттар мен қоспалар бар. Бұл жасушалардың қартаюын тездетеді, сонымен қатар тері жағдайына теріс әсер етеді", - деп атап өтті дәрігер.
Бұл тізімді тәтті газдалған сусындар мен шырындар аяқтады. Оның айтуынша, қанттың жоғары мөлшері мен қоректік заттардың жетіспеушілігі оларды ағзаға арналған ең нашар сусындардың біріне айналдырады. Олар коллагеннің бұзылуына ықпал етеді, метаболизмді нашарлатады және қабынуды күшейтеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жапатова