- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Нутрициолог қандай ыдыстарды...
Нутрициолог қандай ыдыстарды қолдануға болмайтынын айтты
Фото:
pixabay.com
Нутрициолог Лаура Сейітбек өзінің инстаграм-парақшасында қолдануға болмайтын ыдыстарды атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маман мына ыдыстарды қолдануға болмайтынын айтты.
- Түрлі-түсті бояулары бар шыны ыдыстарда, бояу токсиндер түрінде ыдысқа да өту қаупі бар;
- Алюминий ми мен бауырға әсер етеді, сонымен қатар ағзада жиналу арқылы Альцгеймер ауруын тудырады;
- Хрустальды кремний диоксидін қорғасын оксидімен балқыту арқылы алады, ал ол ағзаға кері әсерін тигізеді;
- Мыс бүйрекке уытты болуы мүмкін.
Лаура Сейітбек мына ыдыстарды қолдануға кеңес берді:
- Шойын;
- Жоғары сапалы керамика;
- Тот баспайтын болат;
- Эмальды ыдыс;
- Кокостан жасалған ыдыс;
- Шыны, тек ешқандай бояуларсыз.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жапатова