Нутрициолог Лаура Сейітбек өзінің инстаграм парақшасында иммунитетті көтеретін 3 өніммен бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жылдың қай мезгілінде болмасын иммунитетке аса мән беру маңызды. Иммунитетті қатайту үшін таза ауада жиі серуендеу, физикалық белсенді болу және әрине, дұрыс тамақтану керек. Нутрициологтың айтуынша, мына 3 өнім иммунитетті көтеруге көмектеседі:
1. Асқабақ
Ол көру қабілетін жақсартып, ағзаны артық шлактардан тазартады.
2. Сарымсақ
Оны күнделікті пайдалансаңыз, тұмау-сырқауды 60% алдын алуға болады.
3. Киви
Есте сақтау қабілетін жақсартып, тәбетті қалыпқа келтіреді.