- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Нутрициолог иммунитетке пайдалы...
Нутрициолог иммунитетке пайдалы өнімдерді атады
Нутрициолог Ольга Панова Sputnik радиосына берген сұхбатында иммунды жүйені жақсарту үшін қандай өнімдер жеу керегін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Суық мезгілде иммунитет күшейтілген режимде жұмыс істейді және ерекше қолдауды қажет етеді. Қоректік заттардың жетіспеушілігі иммундық жүйенің тиімділігін 50-70%-ға төмендетуі мүмкін. Бұл жерде дұрыс тамақтану маңызды", – дейді диетолог және нутрициолог Ольга Панова.
Дәрігер күзде маусымдық жемістер мен көкөністер жеуге кеңес берді.
"Мысалы, күніне 200 г ашыған қырыққабат жесеңіз, ол ағзаны С дәруменінің күнделікті нормасының 70%-мен қамтамасыз етеді. Ал бір орташа апельсинде шамамен 70 мг осы дәрумен бар, бұл ұсынылған тәуліктік мөлшердің 80%-ын құрайды", – деп атап өтті Ольга Панова.
Ақуызды жеткілікті мөлшерде алу да маңызды.
"Ақуыз – иммундық жасушалар үшін құрылыс материалы. 100 г күркетауықта шамамен 30 г жоғары сапалы ақуыз бар. Бұл ересек адамның күнделікті құнының 60%-ын құрайды", – деді Ольга Панова.
Маманның айтуынша, табиғи антибиотиктер – сарымсақ пен пияз күзгі рационда міндетті түрде болуы керек.
"Көптеген зерттеуге сәйкес, сарымсақ сығындысы патогендік бактериялар мен вирустардың 20-дан астам түрінің өсуі мен көбеюін тежеуге қабілетті. Ал бір орташа пиязда 20-ға жуық түрлі бактерияға қарсы және вирусқа қарсы қосылыстар бар", – деп атап өтті Ольга Панова.
Ол иммунитет үшін мырышқа бай тағамдар да маңызды екенін айтты. Себебі бұл минерал ақ қан жасушаларын өндіруге қатысады.
"Жылы сусындар туралы ұмытпаңыз, бал мен лимон қосылған ыстық шай ішу суықтың белгілерін азайтады және оның ұзақтығын 2 күнге қысқартады", – деп қорытындылады нутрициолог.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жапатова