Кез келген ет құрамындағы паразитті жоюға термиялық өңдеу немесе жеті-он күн күнге мұздатып қою көмектеседі. Бұл туралы нутрициолог Вероника Гусакова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "News.ru" сілтеме жасап.
Бұл әдіс сиыр, шошқа және құс етіндегі зиян организмнің 99 пайызы өлтіреді. Ал ең сенімді әдістің бірі - термиялық өңдеу. Мысалы, сиыр, шошқа және қозы еті үшін ет температурасын 63-71 градус цельсийге, ал құс үшін 74 градус цельсийге дейін жеткізген дұрыс. Мұндай температурада паразиттің 99 пайызы жойылады.
Сонымен қатар, маман көптеген паразит төмен температурада көбейе алмайтынын, сондықтан өнімді 20 градустан төмен температурада жеті-он күн бойы мұздатуға болатынын жеткізді. Оған қоса, етті маринадтау да "зиянкестерді" жоюға қабілетті.
"Кейбір паразиттер тіпті жоғары температурада немесе мұздатқышта өмір сүре алады. Сондықтан етті тек сертификатталған жеткізушілерден сатып алу, оны тоңазытқышта цельсий бойынша төрт градустан аспайтын температурада сақтау және шикі ет пен басқа да азық-түлік өнімдеріне арналған жеке пышақтар мен кесу тақталарын пайдалану ұсынылады", - деп қорытындылады маман.
Тағы да оқи отырыңыздар: Тасқыннан зардап шеккендерге қандай көмек көрсетіледі?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!