Нұртас Кәріпбаев Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Туризм және спорт министрінің бұйрығымен Нұртас Ғалымұлы Кәріпбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметінен босатылды", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, ол 2024 жылдан бастап Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова