Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Конституцияға байланысты референдумда дауыс берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Опера" театры аумағында орналасқан сайлау учаскесінде өз дауысын берді.
Tengrinews.kz
Жаңа Конституцияға байланысты референдум
Жаңа Конституцияға байланысты референдумда дауыс беру 15 наурызда сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Республика бойынша 10 388 дауыс беру учаскесі бар. 92 учаскеде аумақтық комиссиялар қабылдаған шешімге сәйкес дауыс беру таңғы сағат 6.00-де басталды. Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктерінде, соның ішінде 54 елде 71 учаске орналасқан.
Орталық референдум комиссиясының референдум қорытындысы туралы ресми хабарламасы дауыс беру өткізілген күннен бастап 7 күннен кешіктірілмей, яғни 21 наурызға дейін БАҚ-та жарияланады.
Бюллетеньде "иә, қабылдаймын" және "жоқ, қабылдамаймын" деген екі нұсқа көрсетілген. Бюллетень алу үшін учаскеде жеке куәлік немесе паспорт көрсету қажет (соның ішінде eGov Mobile, Kaspi.kz немесе Halyk қосымшаларындағы цифрлық құжат та жарамды).
Референдумға барлық сайлаушының жартысынан көбі қатысса, ол өтті деп есептеледі. Учаскелерге келген азаматтардың көпшілігі қолдаған жағдайда Жаңа Конституция қабылданады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова