ҚР Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өкілеттігін тоқтатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Мемлекет басшысы республикалық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арналған мәлімдемеcінде айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысының міндетін атқарады. Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесі төрағасы және "Нұр Отан" партиясының төрағасы болып қала береді.
Мәлімдеме республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетілді.