Нұрсұлтан Назарбаев інісінің қазасына байланысты Астанадағы бас мешітте еске алу өткізді

Нұрсұлтан Назарбаев інісінің қазасына байланысты Астанадағы бас мешітте еске алу өткізді
Фото: nazarbayev.kz

Нұрсұлтан Назарбаев інісінің қазасына байланысты Астанадағы бас мешітте еске алу өткізді. Нұрсұлтан Назарбаевқа көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, шығармашылық зиялы қауым, діни қызметкерлер көңіл айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі nazarbayev.kz-ке сілтеме жасап. 

Жиналғандар алдында сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев оларға жылы лебіздері мен қолдауы үшін алғысын білдірді.

nazarbayev.kz

"Отбасымыз үшін осынау қиын сәтте ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көңіл айтты, бірқатар мемлекет басшылары, саяси және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ, Қазақстан азаматтары жанашырлығын көрсетіп, ізгі тілектерін жолдады. Барлығына шын жүректен ризамын", - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

nazarbayev.kz

Нұрсұлтан Назарбаев қатысушыларға Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихын еске салып, Қасым-Жомарт Тоқаев жүзеге асырып жатқан реформалардың маңызын айтты.

"Әр ұрпақтың өз жолы мен міндеті бар. Келесі ұрпақ өздерінің өзгерістерін әкеледі. Өзгеріссіз даму болмайды, біз алға жылжи алмаймыз", - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

nazarbayev.kz

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова