Бүгін Мемлекет басшысының баспасөз қызметі Facebook желісінде жаңа суреттер жаиялады.
Нұрсұлтан Назарбаевтың кітапханасынан бірнеше фотосурет ұсынылған. Оларға "Елбасының Ақордадағы кітапханасы" деген сипаттама жазылған.
Президенттің жеке кітапханасының сөрелерінде әлемдік классика көп: Достоевский, Шекспир және Стендаль.
Ал қазақ авторларының ішінде Сәкен Сейфуллиннің көптомдығы, Фариза Оңғарсынованың, Ілияс Есенберлиннің және тағы басқа жазушылардың кітаптары бар.
Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі Facebook әлеуметтік желісіндегі жұмысының форматын өзгертетінін хабарлаған еді. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Дәурен Абаев AkordaBaspasoz деген жаңа ресми парақшасының ашылғанын жариялады. Мұнда тек қазақ тілінде ақпараттар шығып отырады.
Сонымен қатар, қолданыстағы AkordaPress контентінің тиісінше орыс тіліндегі жұмыс режіміне көшетіні айтылды. Аккаунттар мазмұны әркелкі аудиторияның сұранысына бейімделетіндіктен, жаңалықтардың берілу формасында айырмашылық болады екен.
Дереккөз: tengrinews