"Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының" басқарма төрағасы ауысты

"Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ басқарма төрағасы қызметіне Ерғазы Жолдасов тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 31 мамырдағы бұйрығымен "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ басқарма төрағасы қызметіне Ерғазы Жолдасов тағайындалды, - делінген азаматтық авиация комитетінің хабарламасында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!