Желіде Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматыға көшуді жоспарлап отырғаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы журналист Әсет Матаев әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
Оның айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев туысқандарымен інісі Болатқа ауруханаға барған. Суретте Болат Назарбаевтың Алматы облысындағы резиденциясында жымиып тұрған экс-президент бейнеленген.
"Дереккөздер мәліметінше, бұл сурет бір жарым ай бұрын түсірілген. Онда Самат Әбіш пен Әнипа Назарбаева да бар. Ол кезде Болат Назарбаевтың салмағы 45 келіге түсіп, тіпті сөйлей алмаған. Жақында Болат Назарбаевтың инфаркт алғаны туралы ақпарат пайда болдыЖақында Болат Назарбаевтың инфаркт алғаны туралы ақпарат пайда болды. Қызық, экономика ғылымдарының докторы, университеттің құрметті профессоры, орден иегері қалай өмір сүріп жатыр екен?" - деп жазған ол.
Оның айтуынша, "Қазақмыс" компаниясы Алматыда экс-президентке экономикалық қызмет көрсетеді.
"Сондай-ақ, ақпарат көздері Назарбаевтың Алматыға көшуді ойлап жүргенін, ал оның консильері Абай Бисембаевтың әлемдегі бар мүлкін сатып жатқанын хабарлады. Айтпақшы, Нұреке күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың Comlux авиакомпаниясының Airbus A320 NEO VIP ұшағымен ұшады. Ұшақ бұрын ПІБ-на тиесілі болған, бірақ 2022 жылғы тамызда Airbus "Әуежай Назарбаевтың қажеттіліктері үшін Comlux-ке ауысты", - дейді ол.
Еске салайық, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың мүгедек арбасында отырған інісімен түскен суреті тараған еді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!