“Нұрсұлтан мешіті“: Астанадағы Бас мешіттің атауы өзгерді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы республикалық Бас мешітке "Нұрсұлтан мешіті" атауы берілгенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Республикалық Бас мешіт – елорданың ғана емес, барша Қазақстан мұсылман жамағатының ортақ рухани ордасы. Мешіт халық бірлігін нығайтуға, бейбітшілік пен келісімді дәріптеуге, ізгілік пен мейірімділік құндылықтарын насихаттауға, сондай-ақ имандылық пен адамгершілікке негізделген игі бастамаларды қолдауға қызмет етіп келеді", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, Астанадағы орталық мешіт 2022 жылғы тамызда ашылған. Негізгі ғимаратта бір мезетте 30 мың адамға дейін намаз оқи алады. Төрт мұнарасының биіктігі 130 метрге жетеді. Ал басты күмбезінің биіктігі шамамен 90 метр, диаметрі 62 метр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!