Танымал композитор Қалдыбек Құрманәлі бұрынғы Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа сәлемдеме жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі бұл туралы "Adal Adam" YouTube-арнасына берген сұхбатында бөлісті. Ол "тоқал алуды, көңілдес ұстауды біздің шенеуніктерге экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі үйретіп кетті ме?" деген сұраққа жауап берді.
"Олай ойламаймын. Бұл атам заманда да, Кеңес Одағында да болған. Кеңес Одағында аудан партияларының бірінші хатшылары, совхоз директорлары санаторийға барған кезде ауылдан 4-5 сауыншы қыз олардан бұрын ұшып баратын. Жезөкшелік ең көне, тас ғасырынан басталған, бұған дейін болған нәрсе. Бірақ бүгін басқа бір форматта, жаңа бір нұсқалары шығып жатыр. Одан сайын дамыған, мәдениетті түрде. Назарбаев Мәжіліске барып, "үш әйел алдым, енді төртінші әйел алуға заң қабылдайын деп жатырмын, түсінесіңдер ғой" десе, біздің депутаттар "ойбай, сіз Тұңғыш Президентсіз ғой, сізге 8 қатын алуға рұқсат берейік, ал үкімет басқарғандарға 4 қатын, ал басқаларға 2 қатын болсын" дейтін еді. Сондай Парламент болды ғой бізде. Назарбаевтың бар айтқанын орындадық. Өзі тыңдар, болмаса арадағы адамдар айтып барар айтқанымды Нұрсұлтан көкеме. Нұрсұлтан көке, төрт әйел алуды заңдастырып алу қолыңызда болды ғой. Осылай атай берейін, бұрын Нұрсұлтан Әбішұлы дейтін едім, қазір көке дейін. Менен жасы үлкен ғой, туысқаным, көкем. Соны заңдастырып алғаныңызда. Төртеу болса төртеу, бесеу болса бесеу, заңдастырып алуыңыз керек еді, Нұрсұлтан көке", - деді композитор.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!