- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Нұрсұлтан әуежайы авиакомпанияларға...
Нұрсұлтан әуежайы авиакомпанияларға отынды түрлі бағамен сатты
Нұрсұлтан әуежайы авиакомпанияларға отынды түрлі бағамен сатты. Бұл билет бағасына әсер етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.
"Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ авиация отынын сату нарығында доминант бола отырып, монополияға қарсы заңнаманы бұзуға жол берген. Тексеріс азаматтардың шағымдары негізінде жүргізілгені айтылды.
"Нарық субъектісінің баға жағдайының ауытқуына қатысты іс-әрекеттері түпкілікті тұтынушы үшін бағаның өсуіне, оның ішінде әуе тасымалдарының бағасына әсер етеді", - делінген хабарламада.
16 маусымда әуежайға заңсыз әрекеттерді тоқтату туралы хабарлама жіберілді. Қазір заңбұзушылық жойылғаны хабарланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек