- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Нұрмағамбетовтің, Момышұлының және...
Нұрмағамбетовтің, Момышұлының және Қошқарбаевтың есімдері "Айбын" орденіне берілді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл 15 наурызда Ұлттық құрылтайдың "Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс" атты үшінші отырысында берген тапсырмасына сәйкес "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" Заңына түзетулер енгізілді.
Заңда "Айбын" орденінің дәрежелеріне даңқты батырларымыз Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының және Рақымжан Қошқарбаевтың есімдерін беру қарастырылған.
Заң ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан