Нұрлыбек Нәлібаев премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Нұрлыбек Нәлібаев туралы не белгілі?
Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.
- Еңбек жолын 1997-1998 жылдары "Казахойл-коммерция" ЖШС-да мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған.
- 1998-2005 жылдары жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызмет атқарған.
- 2005-2007 жылдары - Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары.
- 2007-2008 жылдары - Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы.
- 2008-2013 жылдары - Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі.
- 2013-2021 жылдары - Қызылорда облысы Қызылорда қаласының әкімі.
- 2021-2022 жылдары - премьер-министр кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі.
- 2022 жылғы 7 сәуірден бастап Қызылорда облысы әкімі қызметін атқарды.
- 2026 жылы мамырда премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!