Нұрлыбек Нәлібаев премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Нұрлыбек Нәлібаев премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.

Нұрлыбек Нәлібаев туралы не белгілі?

Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

  • Еңбек жолын 1997-1998 жылдары "Казахойл-коммерция" ЖШС-да мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған.
  • 1998-2005 жылдары жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызмет атқарған.
  • 2005-2007 жылдары - Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары.
  • 2007-2008 жылдары - Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы.
  • 2008-2013 жылдары - Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі.
  • 2013-2021 жылдары - Қызылорда облысы Қызылорда қаласының әкімі.
  • 2021-2022 жылдары - премьер-министр кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі.
  • 2022 жылғы 7 сәуірден бастап Қызылорда облысы әкімі қызметін атқарды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!