- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Нұрлан Ұранхаев Семей...
Нұрлан Ұранхаев Семей қаласы маңындағы ауыл тұрғындарымен кездесті
Абай облысының әкімі ауызсу және жол мәселесін көтерген Водный және Шығыс кентінің тұрғындарымен кездесті. Қала маңындағы елді мекен халқын толғандырған мәселе қашан және қалай шешілетінін жеткізу үшін аймақ басшысы арнайы барды.
Водный кенті халқының базынасын тікелей тыңдауға келемін деп Нұрлан Ұранхаев Семей тұрғындарымен есептік кездесу барысында уәде берген болатын.
Водный және Шығыс ауылдарының басты проблемасы – сапалы ауызсу. Облыс әкімі бұл бағытта жұмыстар жақын уақытта басталатынын жеткізді.
"Су құбырына келетін болсақ, республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. Жобаның жалпы құны шамамен 3 млрд теңге. Жұмыстар биыл басталып, келесі жылы аяқталады деп жоспарланған. Осы жылы бұл екі жобаға қатысты жұмыстар басталады, сіздер алаңдамаңыздар", – деді Нұрлан Ұранхаев.
Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар көше жарығының, жолдарда асфальт, мектептің және балабақшаның жоқтығы жайлы шағымдарын жеткізді. Өңір басшысы осы мәселелердің барлығы биылдан бастап біртіндеп шешілетін айтты.
Сонымен қатар, облыс әкімі есеп беру кездесуінде өз мәселелерін көтерген Шығыс кентінің тұрғындарымен кездесті. Мұндағы басты мәселе – коммуналдық қызметтердің салдарынан бүлінген жолдар мен тротуарларды қалпына келтіру. Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов аталған жұмыстың орындалатынын айтты. Сондай-ақ, Нұрлан Ұранхаев тиісті қызметтерге электр желілері мен сумен жабдықтау желілерін қалпына келтіруді тапсырды.
Облысы орталығын аралау барысында өңір басшысы жедел медициналық жәрдем станциясына барып, жаңадан берілген реанимобильдердің қызметімен танысты. Сондай-ақ, мекеме басшылығына қызметкерлердің жалақысы және оларға берілетін арнайы киімге байланысты тапсырма берді. Нұрлан Ұранхаев Денсаулық сақтау басқармасының басшылығына станция аумағында техникалық қызмет көрсету ғимараттарын жөндеу және жабдықтауға қатысты туындаған мәселелерді қарауды тапсырды.
Абай облысының әкімдігі ұсынған материал
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина