Нұрлан Сабуров болашақта қазақша StandUP жасау ойында барын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол Нұрлан Қоянбаевтың "Түнгі студия" бағдарламасында айтты.
"Бұл болашақта жоспарда бар. Бірақ әзір емес, өйткені қазақша сөздік қорым нашар. Өкінішке қарай, қазір турда да қазақша әзілдер қосып жүрмін, бірақ көп емес. Ол болашақтың әңгімесі деп ойлаймын. Қазірдің өзінде қазақ тілінде өнер көрсететін әзілкештер бар. Қазақстандық StandUP-ты бақылап жүремін. Әзілкештер көп, Қазақстанның әр қаласында бар", - дейді Нұрлан Сабуров.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!