Нұрлан Өнербаев зейнет жасына келгенде марапат алды

Нұрлан Өнербаев зейнет жасына келгенде марапат алды
Фото: paryz.kz

Қазақстандық белгілі әнші Нұрлан Өнербаев зейнет жасына он күн қалғанда күтпеген марапатқа ие болғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол І дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды. Әнші өнер саласына келгеніне 46 жыл толғанда бұл марапатқа ие болғанын мәлімдеді.  

"Шынымды айтсам, күтпеген жағдай болды. Дәл осындай марапат болады деп күткен жоқпын. Лайық деп тапқан екен. 10 күннен кейін 63 жасқа толамын, зейнетке шығамын. Өнерде жүргеніме 46 жыл болды", - деді әнші "Таңшолпан" бағдарламасына сұхбат беріп. 

Өнер иесі марапат болатынын хабарлағанда нақты қандай сый күтіп тұрғанынан хабарсыз болыпты. 

"Өнердің табалдырығын алғаш 1978 жылы аттадым. Содан бері ел алдына шығып, орындап жүрген әндерім тыңдармандардың жүрегіне жетіп, көңілінің төрінен орын алған әндер деп айтсам қателеспейтін шығармын. Бұл марапат та, ел алдында осылай еркелеп жүруіміз де халықтың ыстық ықыласы, қошеметі, махаббаты", - деген әнші тыңдармандарына алғыс айтты.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Ибраева