Қоғамда қыз неке қиғанда сұрайтын мәһр туралы түрлі пікір бар. Танымал теолог Нұрлан Байжігітұлы мәһрдің қазақ салтында болмағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Нұрлан имам бұл туралы "Сырласу" бағдарламасында түсіндіріп берді.
"Негізі мәһр шариғатта, дінімізде бар нәрсе, қарапайым тілмен айтқанда, қыздың ақысы. Бірақ біздің дана, дара халқымыз оны қызға қалыңмалмен, ата күші, ана сүтімен берген. Қыз жақ оны баланың киіміне, дүние-жиһазына жұмсаған. Сол мәһр болады. Құдай сақтасын, егер ажырасып жатқан жағдайда қыз артынан келген бүкіл дүниені ешқашан тастап кетпей, өзімен бірге алып кетеді. Демек, ол да мәһр", – деді ол.
Әлеуметтік желілер арқылы танымал болған Нұрлан имамның бұл пікіріне көпшілік те қосылады екен. Желіде танымал теолог, "Ырыскелді қажы" мешітінің бас имамы Нұрлан Байжігітұлының айтқандары қазақ халқының болмысына жақын екенін жазып жатқандар көп.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!