Нұрлан имам қай өңірдің келіндері сәлемді дұрыс салып жүргенін айтты

Танымал имам, дінтанушы, теолог Нұрлан қажы Асанов келіндер қалай сәлем салуы керегін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Нұрлан қажының сөзінше, келіндердің қолды тізе тұсына қойып, басын тік ұстап сәлем салуы дұрыс. Бұл көбіне батыс өңірлерде кездесетін сәлем салудың түрі. 

"Көйлектің алды ашылмайды. Кейбір жерде сәлем салғанда еңкейіп кететін әйелдер бар. Бұл дұрыс емес. Мойынның бәрі ашылады. Сондықтан қатты еңкеймей, сәлемді батыстағыдай берген дұрыс. Жөні сол", - деп түсіндірді имам. 

@rayshan.07.17

♬ оригинальный звук - Rayshan.07.17

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!