Нұрлан имам Дональд Трамппен “таңғы ас“ ішті

Нұрлан имам Дональд Трамппен “таңғы ас“ ішті
Фото: Әлеуметтік желі

Танымал имам Нұрлан Байжігітұлы Вашингтонда Дональд Трамппен өткен Таңғы ас рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Нұрлан имам әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

"Америка Құрама Штаттарының астанасы Вашингтонда әдеттегі 74-ші Таңғы Ас рәсіміне қатысуға келдім. АҚШ-президенті Дональд Трамп мырза өзі қатысатын ас биыл екі мыңдай әлем тұлғаларын жинайтын ерекше алқалы жиын. Жастарымыз білім мен ғылым, өркениет пен мәдениетке ұмтылып, имандылықпен ұштасқан салтымызды бекем ұстанса, алар асуы шыңдар болып, жаһанның талай есіктері ашылатыны ақиқат", – деп жазды ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget