- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Нұрлан имам әйелін...
Нұрлан имам әйелін ұрып өлтірген экс-министр туралы айтты
Нұрлан имам әйелін ұрып өлтірген экс-министрге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Имамға тікелей эфирде оның оқырманы "Әйелін ұрып өлтірген министр туралы естідіңіз бе?" деп сұрақ қойды.
"Министр туралы білмеймін, бірақ әйелді ұрып-соғу бізде жаңалық емес. Маған "Әйелдің сөзін сөйлейсің" деп еркектер ренжиді, кездескен сайын жаман көзімен қарайды. Пікірлерді де өздеріңіз көріп жатырсыздар… Бұл жақсы емес. Министр болсын, басқа болсын, әйелді ұру - надандықтың ең жоғары белгісі", - деп жауап берді Нұрлан Байжігітұлы.
@oinamaqo2 #CapCut #нурланимам #имамнурлан #нурланустаз ♬ оригинальный звук - Джеффри Дамер
Еске салайық, бұған дейін экс-министр Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінгені хабарланды. Кейін ол қамауға алынды. 11 қарашада Бишімбаев уақытша ұстау изоляторына қамалғаны белгілі болды.
Павлодардың экс-әкімі Қайрат Нүкенов қарындасы Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сұхбат берді. Оның айтуынша, мәйітті жуған әйелдер марқұмның денесін көріп шошыған.
Экс-министрдің марқұм әйелі Салтанат Нүкенованың әпкесі Самал Нүкенова та сұхбат беріп, Бишімбаев отбасында қандай адам болғанын айтып берді.
Жасұлан Ордабаев
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Massaget