Танымал имам Нұрлан Байжігітұлы АҚШ-қа не үшін барғалы жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол "1001 түн" бағдарламасына берген сұхбатында бөлісті.
"Анықтап кеткім келіп тұр. Бұл АҚШ президентінің тікелей шақыруы емес. АҚШ мемлеткетіндегі болатын бұл жиын - жылда өткізілетін қайырымдылық ас. Бұл асқа әлемдегі барлық Мемлекет басшысы, танымал тұлға шақырылады. Қателеспесем, былтыр Иордания королі екінші Абдоллах қатысқан. Астың негізгі мақсаты - әлемдегі тыныштық, ынтымақ-бірлік, сол төңіректегі жасалынатын дұғалар мен мінәжаттар. Әр дін өкілі өз дұғасын ниетімен жеткізеді. Ұйымдастырушылар әлемдік деңгейде қарап, өздері шақырады. Бірер уақыт бұрын менің электрон поштама шақыру келген. Онда мән-жайы айтылған. Оған қоса, АҚШ президентінің қатысатыны айтылған. Бұдан кейін бизнес-ланч, кешкі ас, жеке сұхбат болады деп айтылған. Менің сөз сөйлетінім нақты белгісіз. Барғасын көреміз. Айдын аяғында болады. Жалпылама айтылды", - дейді имам.
Сондай-ақ, ол АҚШ президенті Джо Байденмен кездессе, тыныштық туралы сөз қозғайтынын жеткізді.
Еске салайық, бұған дейін имам Нұрлан Байжігітұлы АҚШ президенті Джо Байденнен Америка құрама штаттарына шақырту алғаны хабарланған еді.
Бұл туралы тележүргізуші, коуч, медиатренер Дана Нұржігіт әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.
"Әрбір жылы Америка құрама штаттарының президенті Джо Байден және оған дейінгі президенттер жылда әр мемлекеттен танымал және мемлдекет басшыларына жылда ас беріп, дәм береді. Бұл қайырымдылық ас болып табылады. Сондықтан біздің елден таңдау маған түсіп тұр екен. Мемлекетіміздің мүддесін, Президентіміз жасап жатқан ішкі және сыртқы саясатын жеткізу, сонымен қатар, біздің руханиятымызды кеңейту, паш ету, қазақ тарихының кең екенін көрсету үшін осы сапарға ниет білдіріп отырмыз. Алдағы аптада үлкен сапарға жол жүрмекпіз", - дейді Нұрлан имам.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!