Нұрлан Еспанов пен Жұлдызай Дүйсенбиеваның жанжалы рас па?

Нұрлан Еспанов пен Жұлдызай Дүйсенбиеваның жанжалы рас па?
Фото: Видеодан алынған кадр

Желіде танымал әнші, композитор Нұрлан Еспанов пен актриса Жұлдызай Дүйсенбиеваның жанжалдасып қалғандай болған видеосы тарап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жұлдызайдың киносына түсіп бере салайын деген едім. Тыңдамайсыңдар ғой, тыңдамайсыңдар. Түспеймін", - дейді Нұрлан Еспанов видеода.

Видеода актриса Жұлдызай Дүйсенбиева әншінің бұл әрекетіне шыдамай, жауап қайтарады. 

"Нұрлан Еспанов деген сайын... Түспесеңіз, түспей-ақ қойыңыз. Жыныма тиіп болдыңыз ғой", - деді актриса. 

@ali_kapkara

♬ оригинальный звук - Ali_kapkara
@ali_kapkara

✅Біздің киноның ерекшелігі орыс тілін вообще қосып жатқан жоқпыз!?

♬ оригинальный звук - Ali_kapkara

Massaget.kz тілшісі әншінің өкіліне хабарласып, бұл видеоның мән-жайын анықтады. 

"Сіздер де болмайтын нәрсені дау қылады екенсіздер. Бұл - кино, сценарий", - деп жауап берді ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек