- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Нұрлан Еспанов әйеліне...
Нұрлан Еспанов әйеліне ауыр диагноз қойылған кезде қандай күйде болғанын айтты
Әнші Нұрлан Еспанов әйеліне ауыр диагноз қойылған кезде қандай күйде болғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші күйзеліске жиі түсетінін жасырмады.
"Қиындық әркімнің басында бар. Айтылатын және айтылмайтын болып бөлінеді. Көп қиындықтарды айта бермеймін. Осыдан көп жыл бұрын әйелім қатты ауырды. Келіншегімнен айырылып қаламын ба деп қорықтым. Шетелге барып емдетіп, сырқаттан айығуын ұзақ күттік. Корея елі бізге нақты диагнозын қойып, анықтап берді. Ем-домын алып, елге қайттық. Сол алты жыл менің өмірімді күрт өзгертті.
Алты жыл бойы депрессияда жүрдім. Ешкімге көрінбей, достарыммен араласпай қалдым. Тойға шығамын бірақ ойым басқа жақта тұрады. Түс көріп жүрдім. Көз алдымда келіншегім солып бара жатты. Бірнеше келі салмақ тастады. Негатив ойдың шырмауынан шыға алмай қалдым", – дейді әнші "Мотивациялық подкаст" бағдарламасында.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина