- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Нұрлан Алдамжаров су...
Нұрлан Алдамжаров су ресурстары және ирригация вице-министрі болды
Нұрлан Алдамжаров су ресурстары және ирригация вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Нұрлан Жанұзақұлы Алдамжаров су ресурстары және ирригация вице-министрі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Нұрлан Алдамжаров 1975 жылы 12 қыркүйекте Ташкентте дүниеге келген. 1999 жылы Ташкент инженерлік ирригация және механизация ауыл шаруашылығы институтын "инженер-гидротехник" мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1999 жылы Ташкентте "Ташоблмелиоводстрой" трестінің №5 механикаландырылған өндірістік колоннасының 4 разрядты монтажнигі болып бастаған.
Түрлі жылдары мемлекеттік және коммерциялық құрылымдарда еңбек еткен.
2008-2012 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан облысы) әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының жетекші маманы, бас маманы,
2012-2014 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бас маманы, бөлім басшысы, басшының орынбасары,
2014-2015 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы,
2015-2016 жылдары "Нұр Отан" (қазіргі Amanat) партиясының орталық аппараты ұйымдастыру-бақылау жұмысы департаментінің директоры, партиялық бақылау қызметінің басшысы,
2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2018-2020 жылдары Жамбыл облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы,
2020-2023 жылдары Су ресурстары комитетінің төрағасы болды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан