Нұрлан Әбдіров ОСК төрағасы болып қайта тағайындалды

Нұрлан Әбдіров ОСК төрағасы болып қайта тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.

Нұрлан Әбдіров туралы не белгілі? 

Ол 1961 жылы 12 қаңтарда дүниеге келген. ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітірген. Ол - заң ғылымдарының докторы, профессор.

Еңбек жолын 1982 жылы оқытушы болып бастаған. Әділет министрлігінде, Қауіпсіздік кеңесінде жауапты қызметтер атқарған.

2009 жылдан 2022 жылға дейін Мәжіліс депутаты, Сенат депутаты, Сенат төрағасының орынбасары болған.

2022 жылғы 25 қаңтарда Орталық сайлау комиссиясының төрағасы болып тағайындалды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!