Нұркен Шәрбиев экология және табиғи ресурстар бірінші вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"ҚР Үкіметінің қаулысымен Нұркен Қожамұратұлы Шәрбиев ҚР экология және табиғи ресурстар бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.
Cонымен бірге Мансұр Ошурбаев экология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды.
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Мансұр Тұрсынұлы Ошурбаев ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!