Танымал әзілкеш Нұржан Төлендиевтің қызы Қорлан күйеуімен қалай танысқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің қызы Instagram-парақшасында оқырман сауалына жауап берді.
Желі қолданушылардың бірі Қорланнан "Күйеуіңізбен қалай таныстыңыз, айтып беріңізші" деп сұраған.
"Негізі қатты қызық оқиға емес (әдеттегідей). Ол Instagram-нан жазып жүрген. Мен жауап бермегеннен соң, телефон нөмірімді, мекенжайымды тауып алған. Содан гүл жібере бастады. Біраз уақыт көңілді тауып жүрді. Солай өзіне назар аудартты", - деп жазған ол.
Еске салайық, Әзілкештің қызы биыл ақпанда тұрмысқа шыққан еді. Нұржан Төлендиевтің қызының құдалығы дүркіреп өткен.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!