Нұржан Нұржігітов су ресурстары және ирригация министрі лауазымына қайта тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов Қазақстан Республикасының су ресурстары және ирригация министрі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Нұржан Нұржігітов туралы не белгілі?
Нұржан Нұржігітов 1967 жылы дүниеге келген. 1991 жылы Ленинград ауылшаруашылық институтын инженер-механик, 2008 жылы Жамбыл гуманитарлық техникалық университетін экономика мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1991 жылы Жуалы ауданы Максим Горький атындағы колхозда механик болып бастаған.
Әр жылдары Төле би атындағы агробірлестіктің бас инженері, Жуалы ауданы әкімі аппаратының маманы, бас маманы, бөлім меңгерушісі, Жуалы ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас инспекторы, бөлім меңгерушісі, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары, басқарма басшысы, Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы, Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. Байзақ ауданының әкімі де болды.
2021 жылғы сәуірден бастап Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болды. Кейін Жамбыл облысы әкімі қызметін атқарды.
2023 жылы су ресурстары және ирригация министрі болып тағайындалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова