"Арнау" тобының мүшелері, танымал әншілер Нұржан Керменбаев пен Салтанат Бақаева Президенттің алдында ұятқа қалған кезін еске алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы өнер иелері Instagram-парақшаларында бөлісті.
"Ол кезде продюсермен жұмыс істейміз. "Алматы концерт" ұжымымының ұйымдастыруымен бірнеше әртіс Президенттің алдында өнер көрсету керек болады. Астанаға ұшып бардық. Президенттің жақсы көретін әндерін "Арнау" тобы болып орындауымыз керек еді. Біз ол әндерді білмейміз. "Ақтамақ" пен "Әпитөк" деген екі ән болған. Түнімен сөзін жаттадық. Ұшақта ұшып бара жатып, сөзін әлі жаттап отырмыз. Бардық, өз әндерімізді айттық. Сосын жаңағы әндерге келгенде сөзін ақыры ұмытып қалдық. Әнді басынан аяғына дейін "на-на-на" деп айтып шықтық. Ең қызығы, ешкім күлмеді. Содан кейін "Арнау" болып Президенттің алдына бармадық қой", - деді олар.
Айта кетейік, "Арнау" тобы - еліміздегі танымал топтардың бірі. Олардың "Егіз-лебіз", "Махаббат жыры", "Аңсарым сен", "Келші, жаным" сынды әндері бар.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!