- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Нұржан Қалжанның сахнаға...
Нұржан Қалжанның сахнаға шықпай қалуына бұрынғы продюсері Қыдырәлі Болманов кінәлі ме? Әнші жауап берді
Әнші Нұржан Қалжан "Assyltas TV" каналына берген сұхбатында бұрынғы продюсері Қыдырәлі Болманмен қарым-қатынасы жайлы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Әнші Нұржан Қалжанның өнерден алыстап кетуіне, сахнаға шықпай қалуына бұрынғы продюсері Қыдырәлі Болмановтың ықпалы болды" деген әңгіме көп жерде айтылып жүр. Әнші осы сұраққа нүкте қоюды жөн көрді.
"Нақты не болғанын ашып айта алмаймын. Сәл реніш болғаны рас. Бірақ Қыдырәлі ағаға тек рахметімді айтамын, ол кісі мені өнер деген қайнаған қазанға әкеліп қосты. Енді, болар іс болды. Бірақ бет көріспей кетердей жағдайға жетпедік. Сөйлесіп, бетпе-бет отырып, бәрін шешіп, қоштасқанбыз.
40 жасқа толған мерейтойыма шақырдым. Whatsapp-нөміріне аудиохабарлама жолдағанмын. Жауап келмеді. Менің жіберген хатымды көрмей қалды ма екен? Қарақат әпкеге де жібергенмін", - деді әнші.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова