Мәжілістің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаев екі ай мерзімге қамауға алынды. Бұл туралы Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты мәлім етті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"2023 жылғы 9 маусымда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Әлтаев Н.-ға қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін бұрынғы Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев аса ірі көлемде пара алған деген күдікке ілінгені белгілі болған еді.
Желіде экс-депутат Нұржан Әлтаевтың ұсталып жатқан сәтінің видеосы тарады
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!