"Меломен" тобының әншісі Ғабит Бибасыұлының бұрынғы әйелі Нұрилла Ақберген "Айтарым бар" подкастында қонақта болып, өмірінде болған оқиға туралы айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Подкаст жүргізушісі Жанерке Сейфуллина "Біз ешкімді ажырасуға үндемейміз" деді, бірақ Нұрилла Ақберген қазақ қыздарына үндеу жасады.
"Қыздар бақытты болып тұрмысқа шықса деймін, тұрмысқа демейін күйеуге тиіңіздерші, байға тиіңіздерші. Бай, бақуатты, көзі ашық, сауатты жігітке тиіңіздерші. Қазақ қыздары жасасын, жасай берсін!", - деді Нұрилла Ақберген.
Сонымен қатар ол өзін қолдаған адамдардың бәріне алғыс айтты.
"Сіздердің арқаларыңызда үнімді осылай жеткізе алып отырмын", - деп ағынан жарылды Нұрилла Ақберген.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз