"Келінжан" сериалында Балқия ролімен танылған актриса Нұргүл Мыңғатова жақында ана атанды. Оның айтуынша, баласына есімін өзі қойған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы "Бір микрофон" бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
"Ана болуға дайындалдым. Алладан көп тіледім. Әлинұр деп өзім қойдым. Әрине, талас болды. Үлкендер "қанша күткен баласы" өзі қойсын деді. Қыз дүниеге келсе көре жатармыз. Ата-әжесі қоя ма, Әлинұрға ұқсас етіп қоямыз ба, сол күнге жеткізсін", - деді ол.
Сондай-ақ, актриса кішкентай кезінде әкесінен айырылғанын, көзін көрмей кеткеніне өкінетінін айтты.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!