Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Ауыр атлетикадан Қазақстан қүрамасының спортшысы Нұрғиса Әділетұлы Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Спортшы 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді. Қоссайыс нәтижесі бойынша Нұрғиса 388 (174+214) келі көтерді.

Екінші орынды грузиялық Реваз Давитадзе 387 (177+210) келі нәтижесімен алды. Ал ирандық Али Алипур 387 (173+214) келі көтеріп үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, бұған дейін 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Алексей Чуркин күміс медаль жеңіп алған еді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!