Нұрдәулет Сүйіндіков лауазымынан босатылды

Нұрдәулет Сүйіндіков Активтерді қайтару жөніндегі комитеттің төрағасы лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының өкімімен Нұрдәулет Мықтыбекұлы Сүйіндіков Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.

Нұрдәулет Сүйіндіков туралы не белгілі?

Нұрдәулет Сүйіндіков 1980 жылы 26 маусымда қазіргі Түркістан облысында дүниеге келген.

2000 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде "Құқықтану" мамандығы бойынша жоғары білім алған. 2018-2020 жылдары Мәскеу қаржы-өнеркәсіптік "Синергия" университетінде "МВА - "Стратегиялық менеджмент" бағдарламасы бойынша білім алып, "Іскерлік басқару шебері" біліктілігіне ие болды. 2022 жылы оған В.Ф. Яковлев атындағы Орал мемлекеттік заң университетінің құқықтану магистрі дәрежесі берілді.  

Еңбек жолын 2000 жылы Шымкент қалалық прокуратурасында құқықтық статистика және ақпарат маманы қызметінен бастаған. 2023 жылы Активтерді қайтару жөніндегі комитет төрағасы қызметіне тағайындалған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!