- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау...
Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау облысына әкім болып тағайындалды
Фото:
gov.kz
Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау облысына әкім болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрдәулет Игілікұлы Қилыбай Маңғыстау облысының әкімі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, Нұрдәулет Қилыбай 2022 жылғы 3 қазанда Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған еді. Оған дейін Ақтаудың әкімі болды.
Сонымен қатар, "Өзенмұнайгаз" АҚ бас директоры - басқарма төрағасы қызметін атқарды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова