“Нұрболханмен бекер соттасыппын“. Ләйлә Сұлтанқызы ұялатын әрекеті жайлы айтты

Танымал журналист, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Дина Төлепбергенге берген сұхбатында әзілкеш Нұрболхан Шараповпен соттасқанына ұялатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ләйлә Сұлтанқызы өзінің ұялатын әрекеті жайлы айтып берді.

"Нұрболханмен бекер соттасыппын. Себебі қазір түсініп отырмын. Екеуміз де эмоцияға берілдік. Мен оның өзіне де айттым. "Кішімін деп сен қоймадың, үлкенмін деп мен тоқтамадым" дедім. Біздің ақымақтығымыз сонда. Ол да менен кешірім сұрады. Болмашы нәрсе үшін сөзге келгенімізді уақыт өте келе ол да түсінді. Менің эгома тиіп кетті деп ойлаймын. Эмоцияға беріліп, шешім қабылдамау керек екен", - дейді тележүргізуші.

Еске салайық, 2019 жылы Ләйлә Сұлтанқызы тележүргізуші Бибігүл Дәулетбекқызы мен отандық әзілкеш Нұрболхан Шараповты "Өз ойым" шулы бағдарламасында туындаған дау салдарынан сотқа берген болатын. 

Сұлтанқызының адвокаттарының айтуынша, сотқа шағымдануға әлеуметтік желілерде Ләйлә Сұлтанқызы жайлы көрінеу жалған мәлімет тарату және ар-намыс пен абыройға нұқсан келтіретін пікірлер себеп болған. 

Кейін жайдарманшы Ләйлә Сұлтанқызымен арадағы дау аяқталған соң, сот шешімі бойынша тележүргізуші соттасуға кеткен 1 миллионнан астам шығынды оған толықтай өтеп беруге міндеттелген. 

Кейін әзілкеш Нұрболхан Шарапов пен тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы достасқандарын айтты.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!