Нұрболат Абдуллиннің жасанды интеллект түсірген суреттері желіде талқыланып жатыр

Нұрболат Абдуллиннің жасанды интеллект түсірген суреттері желіде талқыланып жатыр
Фото: instagram.com/nurbullin

Танымал әнші Нұрболат Абдуллин әлеуметтік желідегі парақшасында жасанды интеллект көмегімен жасалған фотосуреттерін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мына постқа цитата жазып кетіңізші. Мен дым таппадым", - деп жазды әнші жаңа суреттерін жариялап. 

Желі қолданушылары түрлі пікір қалдырып жатыр. 

"Сен суретке түспе - сурет саған түссін", "Шедевр, Құдай сені жаратқанда ерінбепті де, сараңдық та танытпапты", "Бабың бар-ей", "Мамаңыздың сұлулығын алып алыпсыз" деп жазып жатыр желі қолданушылары. 

Айта кетейік, жақында Алматы күні қарсаңында өткен концертте сахнада сырт киімін шешіп, лақтырып тастап билеген Нұрболат Абдуллин тағы да сынға қалған болатын. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Nurbolat Abdullin (@nurbullin)

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Ибраева