Танымал әнші Нұрболат Абдуллин "ХабарLike" бағдарламасына берген сұхбатында кіммен дуэт орындағысы келетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің айтуынша, бұған дейін көп адаммен бірігіп ән айтпаған.
"Шетелдік әншілерді алатын болсақ, Алексей Чумаков пен Энрике Иглесиаспен дуэт орындағым келеді, себебі бұл кісілерді жақсы тыңдаймын. Олардың тыңдарманымын деп айтсам, артық емес, мен үшін маэстро", - дейді ол.
Еске салайық, бұған дейін ол Нұрболат Абдуллин ел білмейтін құпиясын ашқан еді.
"Біздің үйде төрт түлік көп болатын. Ашығын айтайын, үйдегі түйенің біразын мен босандырдым. Менен басқа ешкім жоқ, ағаларым қалада, мен үйдің кенжесімін. Түйлерге ат қойған жоқпын. Екі итім болды: Қарабұлақ пен Шарик", - деді өнер иесі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!