Нұрболат Абдуллин, RaiM және Ayree. Күтпеген үштік бір сахнада ән айтады

Нұрболат Абдуллин, RaiM және Ayree. Күтпеген үштік бір сахнада ән айтады
Фото: instagram.com/nurbullin/

16 тамыз күні Нұрболат Абдуллин, RaiM және Ayree бір сахнада өнер көрсететіні белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл жаңалықты танымал әнші Нұрболат Абдуллин өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. 

"16 тамыз Қызылордада концерт", - деп жазды ол желіде. 

Концерт Қызылорда қаласының орталық стадионында өтеді. Бұл шараны құрылысшылар күніне орай Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылады. Концерттің бас демеушісі - Қызылорда облысының құрылысшылар одағы. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Ибраева